Журналист Козачков 3,5 жылға сотталды

Sputnik
АСТАНА, 29 науры - Sputnik. Алматы гарнизонының әскери соты журналист Михаил Козачковқа қатысты үкім шығарды. Журналистке жеке өмірге қол сұқты және жалған ақпарат таратты деген айып тағылды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
"Сот газет редакциясының журналисі 2021 жылдың шілдесінен бастап 2022 жылдың тамызына дейін жәбірленушілердің жеке және отбасылық құпиясына қатысты мәліметтерді таратқанын анықтады. Сондай - ақ К жәбірленушілерге қатысты алкогольмен улану туралы жалған ақпарат таратты", - делінген хабарламада.
Процесс сотталушылардың кінәсін мойындау туралы келісу тәртібімен жүргізілді. Сот үкімімен журналист Козачков қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 147-бабы 2-бөлігімен 1 жыл және 6 ай түріндегі бас бостандығынан айыру, ҚК-нің 147-бабы 5-бөлігімен 3 жыл және 6 ай түріндегі бас бостандығынан айыру, 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағына сәйкес 1 жыл және 6 ай түріндегі жаза тағайындалды.
Нәтижесінде Козачковқа 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. ҚК-нің 63-бабымен сот шартты жаза қолданды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 2022 жылғы 18 желтоқсанда қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Михаил Козачковты Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік басып алды деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топты тергеу кезінде ұстады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы Козачковқа осы ұйымдасқан топқа (ҚР ҚК 262-бабының 2-бөлігі), рейдерлікке (ҚР ҚК 249-бабының 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинауға және таратуға (ҚР ҚК 185-бабының 3-бөлігі) қатысты деген күдік тақты.
Ал бірқатар БАҚ өкілдері Козачковтың зерттеу мақалаларына бола құқық қорғау органдарының басшылығы тарапынан заңсыз ұсталғанын мәлімдеді.