Қоғам

Қостанай облысында су тасқынына байланысты шекарадағы өткізу бекеті жұмысын тоқтатты

Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Қостанай облысында су тасқынына байланысты бүгіннен бастап "Желқуар" автомобиль өткізу пункті уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
"Су тасқыны жағдайына байланысты 2023 жылғы 29 наурыздан бастап Қостанай облысы Жітіқара ауданы аумағындағы Ресей Федерациясы Челябинск облысының "Мариинский" өткізу пунктіне қарама-қарсы орналасқан "Желқуар" автомобиль өткізу бекетінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көліктерді, жүктер мен тауарларды өткізу уақытша тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Осыған байланысты ҰҚК көлік жүргізушілеріне осы жағдайды ескеріп, қозғалыс бағыттарын өзгертуді ұсынды.
"Желқуар" өткізу бекетінің жұмысы қашан жанданатыны қосымша хабарланады.