"Халықтың тұрмысы жақсы емес": Тоқаев ұзақ уақыт жалған есеп беріліп келгенін айтты

Sputnik
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен парламенттің алдағы бес жылдағы негізгі міндетін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент жаңадан сайланған мәжілістің алдында сөйлеген сөзінде айрықша маңызды міндеттер тұрғанын атап өті. Қазақстанда жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейту керек.
"Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму барысына тың серпін беруіміз керек. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Құқықтық әділетсіздік белең алды. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда үкімет және парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, еліміздің белдеуін бекемдеп тартуымыз керек.
"Экономикада және әлеуметтік салада жылдар бойы жиналып қалған түйткілдер бар. Оның барлығын ретке келтіруіміз қажет. Сол үшін жұрттың бәріне бірдей жаға бермейтін, бірақ тиімді әрі қажетті шешімдер қабылдау керек болады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президент бизнесмендерге үндеу жасады