Фото

Смартфонмен түсірілген үздік суреттер – фото

12th Annual Mobile Photography Awards мобильдік фотосуреттер байқауының жеңімпаздары түсірген ең үздік туындыларды тамашалаңыздар!
Sputnik
Mobile Photography Awards байқауы осымен 12-ші рет өтті. Әлем фотографтары арасындағы байқауда қазылар алқасы ең дарындыларды анықтады. Биыл байқауға қатысуға 80 елден өтінім жолданды. Авторлардың жұмысы 12 номинация бойынша бағаланды. Олардың арасында "Цифрлық өнер", "Пейзаж және жабайы табиғат", "Архитектура", "Адамдар" және "Жасанды интеллект" санаты бар.
Смартфон және планшетпен түсірілген үздік жұмыстарды Sputnik ұсынған суреттер топтамасынан көріңіздер.
1 / 15

"Тырнақұтанға тура қарағанда" атты сурет байқаудың бас жүлдесін алды. Авторы – австралиялық фотограф Гленн Хоманн.

2 / 15

"Ұшу алгоритмі" суретін Хизер Макалистер iPhone11 смартфонымен түсірген. Бұл сурет "Цифрлық өнер" санатында үздік деп танылды.

3 / 15

"Геоцентрлік зерттеу" атты суретті фотограф Чжан Цзе Ву түсіріп, бұл жұмыс "Пейзаж және жабайы табиғат" санатында жеңімпаз атанды.

4 / 15

Дорота Ямада "Болат. Шыны. Дажз" атты суреті үшін "Архитектура" санатында жеңімпаз деп танылды.

5 / 15

Фотограф Фабио Сартори түсірген "Көз" атты сурет "Макро және бөлшектер" санатында марапатталды.

6 / 15

"Күннің батуы" атты туындыны Даниэла Кало түсірген және ол "Адамдар" санатында жеңіске жетті.

7 / 15

Фотограф Шуолонг Ма түсірген "Пілді шомылдыру" атты сурет "Ақ-қара түсті сурет" санатында жеңіске жетті.

8 / 15

"Ескі таныс" – байқаудың бас жүлдесін иеленген Гленн Хоманның тағы бір туындысы.

9 / 15

Фотограф Ван Сю Лин түсірген "Жаңбырдан кейін" атты пейзаж көрінісі "Су/қар/мұз" санатында үздік деп танылды.

10 / 15

Константин Чалабовтың "Немқұрайлылық" атты суреті "Көшеде түсірілген сурет" санаты бойынша марапатталды.

11 / 15

"Жаңбыр жүрегі" – суретті Юэ Цю түсірген, туынды "Мүсіндер" санатында жеңіске жетті.

12 / 15

"Иджен жанартауының кеншілері" атты суретті фотограф Чен Лин түсіріп, бұл жұмыс "Саяхат/Қызықты ооқиғалар мен көлік" санатында үздік сурет деп танылды.

13 / 15

Фотограф Джон Ньето түсірген "Көне теңіз рухы" атты туынды "Жасанды интеллект" санатында үздіктер қатарынан орын алды.

14 / 15

"Қала рухтары" – Мишель Харуби түсірген сурет. Бұл сурет фотографқа "Түнек/нуар" санаты бойынша жеңіс әкелді.

15 / 15

Байқаудың бас жүлдесін иеленген Гленн Хоманның тағы бір туындысы –"Сол жақта" атты сурет.