АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында шахта жұмысшысы қаза болды. Ер адамның неден көз жұмғанын арнайы комиссия анықтап жатыр, деп хабарлайды YK-news.kz.
Қайғылы оқиға Артемьев шахтасында болған.
KAZ Minerals тобы корпоративтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дүзкеневтің айтуынша, 25 наурыз күні бұрғылаушының көмекшісі өлі күйінде табылған.
"Не болғаны әзірге түсініксіз. Мұндай жағдайда комиссия құрылады, оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдары, біздің мамандар кіреді. Оқиғаның мән-жайын комиссия анықтайды. Бірақ өлім себебі топырақтың опырылуына, құлауына немесе басқа да техногенді жағдайлармен байланысты емес екенін атап өткім келеді", - деді ол.
KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы марқұмның жақындарына көңіл айтты. Компания оның отбасына қажетті көмекті көрсетеді.