Найзағай, жаңбыр, көктайғақ: синоптиктер 29 наурыздағы ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 29 наурыздағы ауа райы болжамымен бөлісті.
Синоптиктердің болжамынша, елдің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен көбінесе жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады.
Елдің қалған аумақтарыда жоғары қысым өрісінің әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте - найзағай, солтүстікте - көктайғақ сақталады.