АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Сейсенбі күні Астанада МАГАТЭ сарапшылары Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын кешенді шолу миссиясына (INIR) кірісті.
МАГАТЭ миссиясының құрамында ядролық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің сарапшылары М.Джейхан мен Т.Рейсет, сондай-ақ Ұлыбританиядан келген сыртқы сарапшы С.Мортин бар, деп хабарлады "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС-ның баспасөз қызметі.
Шараны Қазақстанның энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ашты.
Миссия жұмысына қазақстандық тараптан энергетика министрлігі, экология және табиғи ресурстар министрлігі, "Қазатомөнеркәсіп" АҚ, "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС, Ұлттық ядролық орталық, Ядролық физика институты және Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы өкілдері қатысып жатыр.