АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. "AMANAT" партиясы мәжіліске өткен депутаттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Партияның саяси кеңесінің шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Соның ішінде әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32 пайызды құрайды.
Айта кетері, партиялық тізімдер бойынша мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, "AMANAT" сайлаушылардың 53,9% дауысын жинап, 40 депутаттық мандатқа ие болды.