АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Келесі айда Халықаралық TIMSS-2023 зерттеуінің негізгі кезеңі басталды. Оған республика бойынша 12 мыңнан астам оқушы қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауеновтың айтуынша, зерттеудің мақсаты-бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының жаратылыстану және математикалық дайындығының сапасын бағалау.
"Зерттеуге төртінші және сегізінші сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, математика және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері, төртінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысады. Оқушылар тестілеуден және сауалнамадан өтеді. Ата-аналар, әкімшілік және мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіледі. TIMSS зерттеуі 2023 жылдан бастап компьютерлік форматта өткізіледі", – дейді Дауенов.
Бұдан бөлек, TIMSS зерттеуі мектептегі сабақтастықты бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, TIMSS-2023–ке қатысатын 8-ші сынып оқушылары 2019 жылғы зерттеу кезінде төртінші сыныпта оқыған. Осылайша, TIMSS оқушылардың білім деңгейіне әсер ететін факторларды анықтауға көмектеседі.
Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанның бұған дейінгі циклдерге қатысу қорытындыларын ескеріп, ұлттық есеп жариялайтын болады. Айта кетері, TIMSS зерттеуін халықаралық білім жетістіктерін бағалау қауымдастығы (IEA) 1995 жылдан бастап төрт жылда бір рет өткізіп тұрады.
Оған әлемнің 60-тан астам мемлекет қатысып тұрады. Қазақстан 2007 жылы қосылды. Биыл зерттеуге 195 мектептен 12 мыңнан астам оқушы қатысады.