Алматыда жүргізуші ер адамның бетіне оқ атқан – желіде оқиғаның видеосы тарады

Sputnik
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Алматыда ер адамның бетіне оқ атқан көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған видеода шетелдік нөмірмен жүрген көлік жүргізушісі жәбірленушіні атып, бір тепкені анық көрінеді. Одан кейін көлігіне мініп кетіп қалған. Жәбірленуші оны артынан қуған. Бірақ жете алмады.
Бұл оқиға Наурызбай ауданындағы базарлардың бірінде болған. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Алдын ала мәлімет бойынша базарлардың бірінің аумағында екі жүргізушінің арасында ауызша жанжал туындап, салдарынан олардың бірі қарсыласының бетіне оқ атқан", - дейді полицейлер.
Күдікті қамауға алынды. Одан "ИЖ" газ тапаншасы тәркіленді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.