АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Ресей Қытаймен ешқандай әскери одақ құрып жатқан жоқ. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді.
"Россия 24" арнасына сұхбат берген Путин "Мәскеу мен Бейжің бірлесіп, Батысқа қауіп төндіріп тұрғанын" жоққа шығарды.
"Бұның бәрі шындыққа жанаспайды. Себебі біз Қытаймен ешқандай әскери одақ құрып жатқын жоқпыз", - деді Путин.
Осы орайда Ресей басшысы әскери саладағы ынтымақтастық байланыс бар екенін растады. Бірақ ол жағынан ешқандай құпия жоқ.
"Иә, бізде әскери-техникалық салада ынтымақтастық бар. Оны жасырмаймыз, барлығы ашық. Ол жерде ешқандай құпия жоқ", - деп атап көрсетті Путин.
Бүгінде Ресей Қытаймен бірге әскери жаттығулар да өткізеді. Айтуынша, ондай шараларды басқа елдермен де ұйымдастырады.