АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Fly Arystan әуе компаниясы "Ақтөбе-Ақтау" бағытындағы рейстің Атырау әуежайына не себепті қонуға мәжбүр болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
КС7775 "Ақтөбе-Ақтау" рейсі 26 наурызда түнгі сағат 01:10-де аспанға көтерілген.
"Бірақ қолайсыз ауа-райына, атап айтқанда, қалың тұманға байланысты Ақтауға қонуға мәжбүр болды", - делінеген ресми хабарламада.
Жолаушылар ұшағы Атыраудан 13:00-ден шығады деген жоспар бар.
"Бұл жағдайда әуе компаниясының кінәсі жоқ. Дегенмен, жолаушыларға тиісті қолдау шаралары ұсынылады", - деп атап көрсетті компания мамандары.
Компанияның мәліметіне сәйкес, жолаушыларға алдымен сусындар таратылды. Одан кейін ыстық тамақ берілді.