АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Астанада синтетикалық есірткі таратумен айналысты дегенкүдікпен элиталық түнгі клубтың 22 жастағы қызметкері ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жас жігіт ойын-сауық мекемесінде "мефедрон" сатуды ұйымдастырған. Тұрақты клиенттері болған.
Есірткі сатушыны ұстауға арнайы жасақ тартылды. Тінту кезінде шұлығынан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі табылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Заң бойынша мұндай қылмыс үшін 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
Айта кетері, мефедронның психостимуляциялық әсері 15 минуттан кейін пайда болады және шамамен екі сағатқа созылады. Ал оның денсаулыққа тигізетін зардабы ауыр.