Жаңа мәжіліс халыққа не береді?

Sputnik
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Парламент сайлауының қорытындысы мен жаңа мәжіліс алдында тұрған міндеттерді сарапшылар Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында талқылады.
Сарапшылардың пайымынша, мәжіліске сайланған жаңа депутаттар қабылдайтын заң жобаларының сапасы артады.
"Жоғары өкілді органда алты саяси партия ұсынылған, бұл Қазақстан үшін ерекше жағдай болды. Атап айтқанда, үш партиялы парламенттің қалыптасқан моделінен алшақтауға мүмкіндік берді", - деп атап өтті "Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев.
"Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев
Оның айтуынша, парламент сайлауына алғаш рет 7 партия қатысты, оның екеуі осы сайлау қарсаңында құрылды. Бұл "Байтақ" және "Respublica" партиялары, соңғысы тіпті табалдырықты аттап өтіп, төменгі палатада бірнеше орынға ие болды.
Сарапшылардың айтуынша, сайлауға қатысқан партиялар әсіресе Астана және Алматы қалаларында өте белсенді болды. Сайлау парламентке жаңа адамдар келу үшін жүргізілді. Парламентке жаңа адамдарды әкелу бір ауыздан дауыс беруді емес, керісінше жаңа заң қабылдағанда сапалы жұмыс қалыптастыруды көздейді.
Қаңтар оқиғасы қоғамның проблемаларын айта алатын халықтың өз өкілдерін биліктен көргісі келетінін көрсетті.
"Бір мандатты депутаттардың арқасында қабылданатын заңдар жанданып, сапасы артады деп күтеміз. Себебі жаңа адамдар - бұл жаңа идеялар, құндылықтар ғана емес, сонымен қатар түрлі әлеуметтік топтардың өкілдері", - деп атап өтті президент жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының электоралдық процестерді зерттеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанар Санхаева.
Экспертная дискуссия "Парламентские выборы 2023. Итоги, вызовы и перспективы нового политического цикла в Казахстане"
Сарапшылардың айтуынша, парламентте ұзақ уақыт бойы пікірталас болған жоқ. Ал жаңа депуттаттар таптаурын өмірді жандандырады.
Қазақстан – президенттік республика, сондықтан парламент халық үшін екінші рөл атқарады, сол себепті халық сайлауда белсенділік танытпады, дейді сарапшылар.
Партиялық әртүрлілік жаңа министрлер кабинетін құру кезінде де тиімді болмақ.