АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Теміртауда кішкентай бала кісі қолынан көз жұмды. Полиция кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
Баланың мәйіті 23 наурыз күні қаладағы пәтерлердің бірінен табылған.
Күдіктінің кім екені анықталды. Ол баланың анасымен бірге тұрған 24 жастағы ер адам болып шықты.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктіге іздеу жарияланды, оны ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.