АСТАНА, 24 наурыз - Sputnik. Риддердегі жылу энергетика орталығының 6 қазандық аймағында жанармай беру галереясында жарылыс болды, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқиға 23 наурызда таңғы сағат 8-де болған.
"Бұл жерге атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің басшылығы дереу барды. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеу жүргізеді. Комиссия құрамына комитет, Риддер ЖЭО өкілдері және техникалық сарапшы кірді", - деді энергетика министрлігі.
Ведомствоның әліметінше, тергеу нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады. Бір тәулікте қазандық қалпына келтірілді. Жылу желісінің температурасы 70/46 градус, графикте 45/35 градус.
"Қазіргі уақытта ЖЭО-да алты қазандықтың екеуі жұмыс істейді. Қалғандарында ақауларды жою үшін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - дейді энергетика министрлігі.