Спорт

Қазақстанның боксшы қыздары әлем чемпионатында төрт "қола" жеңіп алды

Sputnik
АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Жартылай финалдың қорытындысы бойынша екі қазақстандық финалға жолдама алды. Енді Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) мен Ләззат Күнгейбаева (81 келіден астам) алтын медаль үшін таласады.
Ал Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін) және Фариза Шолтай (81 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты.
Мырзағали Айтжанов бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері болды