АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Алматы мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауысты Amanat партиясы жинады. Сайлау нәтижесі Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының отырысында жарияланды.
Комиссияның ақпаратынша, сайлаушылардың жалпы саны 1 202 078 адамды құраған. Соның ішінде 302 984 адам бюллетень алды, дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны – 302 270 адам, оның 2 722-сі дауыс беру учаскесінен тыс жерде өз таңдауын жасады.
Amanat партиясына 151 531 сайлаушы, яғни жалпы санның 51,94%-і дауыс берді. Respublica партиясы - 13,15% дауыс, Қазақстан халық партиясы – 13,22%, "Байтақ" жасылдар партиясы – 7,97%, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 5,23% дауыс жинады. Ал 16 490 адам "Бәріне қарсымын" тармағын таңдаған.
Осылайша Amanat партиясы – 12 мандат, Respublica партиясы – 3, Қазақстан халық партиясы – 3, "Байтақ" жасылдар партиясы – 2, "Ақ жол" партиясы 1 мандат алды.
Небәрі 2,83% дауыс жинаған "Ауыл" партиясына мандат бұйырмады.
Бір мандатты аумақтық округтер бойынша Алматы қаласы мәслихатына депутат болып сайланғандар:
№1 округ бойынша – Әкім Хазретәлиұлы Тұрсынов;
№2 округ – Дастан Темірәлиұлы Жантелиев;
№3 округ – Гүлжан Мырзалықызы Бекенова;
№4 округ – Башинская Анна Романовна;
№5 округ – Зәуреш Әбілғожанқызы Өмірбаева;
№6 округ – Бақытбек Әшімұлы Жұмабаев;
№7 округ – Алтынай Орманқалиқызы Қабиева;
№8 округ – Тимур Мэлсұлы Елеусізов;
№9 округ – Козлов Сергей Анатольевич;
№10 округ – Болат Ибрагимұлы;
№11 округ – Қайрат Талапұлы Бегалин;
№12 округ – Мұхтар Махамбетұлы Зүлеев;
№13 округ – Ералы Болатұлы Сауранбаев;
№14 округ – Еркінбек Әбдіғаппарұлы Рахышев;
№15 округ – Мұрат Мұсаұлы Өтемісов;
№16 округ – Қарашаш Өзбекбайқызы Жүзеева;
№17 округ – Әміржан Әміржанұлы Нәбиев;
№18 округ – Дулат Тұрсынұлы Тастекеев;
№19 округ – Зия Балалдинұлы Талғатов;
№20 округ – Шин Андрей Антонович;
№21 округ – Дулат Әмірғалиұлы Рамазанов.