АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.