Тәжікстанда болған жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді

Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер жоқ деп хабарлайды
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 наурыз - Sputnik. Алматыдан 740 шақырым жерде Тәжікстан аумағында магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі тіркелді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бір түнде болған бес жер сілкінісінің сезілуін алматылық сейсмологтар тіркеп алған.
"Жер сілкінісінің ошақтары Алматыдан 710-724 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында немесе Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Біріншісі Алматы уақыты бойынша сағат 02:07-де болды. Одан кейін сағат 5:03-те Алматыдан 209 шақырым жерде, эпицентрі Қырғызстанда. Одан кейінгі дүмпулер 6:27, 7:53 және 8:53-те тіркелді", - делінген хабарламада.
Бұл ретте алматылықтар бірінші жер сілкінісін ғана сезіндік деп отыр. Олар дүмпулерді сезбеген.
"Алғашқы жер сілкінісінен өзгелері бойынша сезілуі туралы ақпарат болған жоқ", - деп қосты сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның (ҚР СМЭК) басшылығы.
Жойқын жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған жүйе орнатылды