Жанқош Тұраров IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 наурыз - Sputnik. Алматыда өткен бокс кездесуінде Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жек өткізіп, мексикалық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) рингке шықты.
Мексикалық боксшы чемпион мәртебесіне ие болғанымен, жекпе-жекте Жанқош Тұраров басымдық көрсетті. Кездесу он екі раундтық болуға тиіс еді. Тұраровтың қарсыласы оныншы раундтың басында ойыннан бас тартты.
Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем белбеуін жеңіп алды. Алехандро Менесес кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.