Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 наурыз - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
"Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды.Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Халқымыз әрдайым Наурыз мейрамын жақсылықтың жаршысына балаған", - деді президент.
Соынмен қатар мемлекет басшысы Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басқанын атап өтті.
"Түбегейлі өзгерістер қастерлі Отанымызды өркендетуге тың серпін береді деп сенемін. Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, қолға алған игі бастамаларымыз оңынан болсын, ағайын!Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда.