Әлем

Бейжіңді құмды дауыл басып қалды

Sputnik
АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Қытай астанасын құмды дауыл басып қалды, деп хабарлайды Хабар 24.
Шаң мен құмның қалың қабаты ғимараттар мен жолдарды бетін басып қалды. Құмды бораннан қалада айналаны көру мүмкіндігі айтарлықтай нашарлады.
Бейжіңдегі қоршаған ортаны бақылау орталығының мәліметінше, ауаның ластану деңгейі 6-ға дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш адам денсаулығына өте қауіпті деп саналады.
Бүгінде Бейжіңде 21 миллионнан астам адам тұрады. Наурыз және сәуір айларында бас қалада құмды дауыл жиі болып тұрады.
Бұл қаланың әлемдегі ең үлкен шөлдердің бірі – Гобиге жақын орналасуымен, сонымен қатар Қытайдың солтүстігіндегі ормандардың жойылуымен байланысты.
Өңірлер
Қаратауда қатты дауыл көпқабатты үйлердің шатырын қиратты