Тоқаевқа Наурыз атты тазы күшігі сыйға тартылды

Sputnik
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазы иттердің көрмесін тамашалады, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаев Астанада тазы иттердің көрмесін тамашалады
"Nomad" ұлттық саятшылық" қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Тоқаев Астанада тазы иттердің көрмесін тамашалады
Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.
"Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев Астанада тазы иттердің көрмесін тамашалады
Асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова президентке тазының күшігін сыйға тартты
Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.