АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерекелік іс-шарада "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Президент мерекелік іс-шарада "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысты
© Официальный сайт Президента Казахстана
Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.
Еріктілер мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.