АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысындағы тасжолда болған жол апатының салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
"20 наурызда Самара-Шымкент тасжолында "ГАЗель" көлігі Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан "ГАЗель" көлігі өртеніп, 32 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полициядағылар.
Қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.