Си Цзиньпин: Қытай мен Ресей достастығының жаңа белесіне ұмтылу керек

РИА Новости ақпарат агенттігі мен "Российская газета" басылымы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің авторлық мақаласын жариялады
Sputnik
"Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен мемлекеттік сапармен Ресейге барамын. Осыдан он жыл бұрын Қытай Халық Республикасының төрағасы ретінде сайланғаннан кейінгі шетелге алғашқы сапарымды Ресейге жасағанмын. Осы он жылдың ішінде Ресейге сегіз рет бардым. Әрқашан үлкен қуаныш пен оң нәтиже әкелетін осы сапарлардың арқасында президент Владимир Путин екеуміз Қытай–Ресей қарым-қатынасының жылнамасында жаңа тарауды аштық", - деп жазды Қытай төрағасы.
Си Цзиньпин жазғанындай, Қытай мен Ресей аумағы ірі көрші мемлекеттер, ауқымды өзара әрекеттестіктің стратегиялық серіктестері, жетекші әлемдік державалар және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері. Екі ел де тәуелсіз және өз ұстанымдарына негізделген сыртқы саясат жүргізеді, Қытай мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дипломатияның негізгі басымдылықтарының бірі ретінде қарастырады.
Қытай–Ресей қарым-қатынасы айқын тарихи қисын бойынша және қуатты ішкі драйверге сәйкес дамып келеді. Он жыл ішінде екіжақты ынтымақтастық барлық азимуттар бойынша серпінді дамып, сенімді қадамдармен жаңа дәуірге қарай бет алды.
"Жоғары деңгейдегі байланыстар маңызды рөл атқарады және тұрақты стратегиялық мәнге ие. Жоғары деңгейдегі тәжірибе мен пікір алмасу және байланыстардың мінсіз тетіктері, көп қырлы ынтымақтастықтың кең құрылымы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың маңызды жүйелі және институционалдық сүйемелдеуі болып табылады. Осы жылдар ішінде президент Владимир Путинмен тығыз жұмыс байланысын сақтап тұрдық. Екіжақты және халықаралық алаңдарда өткен 40-тан астам кездесу барысында барлық саладағы тәжірибелік ынтымақтастықтың басымдықтары айқындалды, біз өзара қызығушылық тудыратын өзекті халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша дер кезінде пікір алмасамыз және екіжақты қарым-қатынастың тұрақты дамуының қарқынын арттырамыз", - деп жазған Си Цзиньпин өз мақаласында.
Тараптар саяси өзара сенімді нығайтып, ірі державалар арасындағы қарым-қатынастың жаңа парадигмасын құрып жатыр. Қытай мен Ресей мәңгілік достық және өзара тиімді ынтымақтастық тұжырымдамасын ұстанады. Екіжақты қарым-қатынастар үшінші тараптарға қарсы бірікпеу және күш қолданбау принциптеріне негізделген. Екі ел де ұлттық шынайылыққа сай даму жолына түсіп, үдеріс пен жаңаруда бір-біріне берік қолдау көрсетеді. Жетілген және тұрақты екіжақты байланыстар үнемі жаңа қуатқа ие болып, өзара құрмет, бейбіт өмір сүру және өзара тиімді ынтымақтастықпен сипатталатын мемлекетаралық қатынастардың жаңа түрінің бағдары болып табылады, деп жазды ҚХР төрағасы.
"Тараптар жан-жақты және көп векторлы ынтымақтастық архитектурасын қалыптастырып жатыр. Бірлескен күш-жігердің арқасында 2022 жылы тауар айналымы рекордтық 190 миллиард долларды құрап, он жыл бұрынғымен салыстырғанда 116 процентке өсті. Қытай 13 жыл қатарынан Ресейдің ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Екі ел арасындағы өзара инвестиция көлемі артып келеді. Энергетика, ғарыш, авиация және көлік байланысы салаларындағы бірқатар стратегиялық маңызды ынтымақтастық жобалары сәтті жүзеге асырылып жатыр. Ғылыми-технологиялық инновациялар және трансшекаралық электронды сауда сияқты жаңа салалардағы ынтымақтастықта жоғары серпінді сақталып отыр. Өңіраралық әріптестік қарқынды дамып келеді. Осының барлығы қарапайым халыққа нақты пайда әкеліп қана қоймай, екі елдің дамуына үлкен серпін береді", - деп жазылған мақалада.
"Тараптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өзара түсіністік тұжырымдамасын жүзеге асырып, дәстүрлі достық күн санап артып келеді. Қытай мен Ресей арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарттың 20 жылдығы қарсаңында президент Владимир Путин екеуміз қазіргі заманғы шынайылықты ескере отырып, шартты тиісті мазмұнмен толықтыру туралы шешім қабылдадық. Сегіз бағыт бойынша Ресей – Қытай ынтымақтастығының тақырыпқа сай түйіспелі жылдарының сәтті өтуі достық пен ынтымақтастықты жаңа белестерге шығарып жатыр. Екі мемлекет халықтары коронавируспен күресте бір-біріне материалдық және моральдық қолдау көрсетті. Бұл басыңа іс түскенде кімнің шын дос екенінің тағы бір дәлелі болды", - деп жазды қытай көшбасшысы.
Си Цзиньпин тараптар халықаралық аренада тығыз ынтымақтастық орнатқанын да айтты. Қытай мен Ресей БҰҰ-ға негізделген халықаралық жүйе мен әлемдік тәртіпті, сондай-ақ БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына негізделген халықаралық қатынастардың іргелі нормалары мен принциптерін берік қолдайды, БҰҰ, ШЫҰ, БРИКС, G20 аясында тығыз үйлестіру мен өзара іс-қимылды жүзеге асыртынын мәлімдеді.
"70 жылдан астам Қытай – Ресей қарым-қатынасы өте күрделі жолдан өтті. Өткенге көз жүгіртсек, Қытай – Ресей қарым-қатынасының қазіргі деңгейіне оңай қол жетпегенін, екі ел арасындағы достықты мұқият сақтау керектігін жақсы түсінеміз. Менің Ресейге алдағы сапарым достықты, ынтымақтастықты және бейбітшілікті нығайтуға бағытталған. Мен президент Владимир Путинмен бірге Қытай – Ресей қарым-қатынасының жан-жақты әріптестік пен стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашу үшін жаңа жоспарлар мен шараларды белгілеуге дайынмын.
Тараптар ұлттық даму мақсаттарына, инновациялық көзқарасқа, жаңа мүмкіндіктерді ашуға және жаңа драйверлерді өсіруге бағытталған кешенді жоспарлауға назар аударуы керек", - деп болашақ жоспарларды нақылады Си Цзиньпин.
Қытай көшбасшысы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың көлемі мен сапасын қатар кеңейтуге жәрдемдесу, саяси үйлестіруді күшейту, инвестициялық ынтымақтастықты сапалы дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау, екіжақты сауда ауқымын арттыру, ортақ мүдделерді кеңейту, бірін-бірі толықтыратын және үйлесімді дәстүрлі сауда мен ынтымақтастықтың жаңа нысандарын құрайтын даму құрылымын қалыптастыру, екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық интеграцияны институционалдық қолдау үшін "Бір белдеу және бір жол" бастамасы мен ЕАЭО-ны байланыстыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастырудың қажеттілігін айтты.
"Қазіргі әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Бейбітшілік, даму, ынтымақтастық – тоқтаусыз тарихи үрдіс. Көпполярлылық, экономикалық жаһандану және халықаралық қатынастардың демократиялануы қайтымсыз қарқын. Сонымен қатар, қауіпсіздіктің дәстүрлі және дәстүрлі емес сын-қатерлері де еселеніп жатыр. Гегемония, деспотизм және қудалау әрекеттері әлемге ауыр зиян келтіріп жатыр. Жаһандық экономиканы қалпына келтіру дүниежүзілік қоғамдастықтың дағдарыстан шығу шараларына белсене кірісуін қажет етеді", - деп жазды Си Цзиньпин.
Ол 2013 жылдың наурыз айында мәскеулік оқу орнында сөз сөйлеп, барлық елдердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін және адамзат біртұтас тағдырдың жақын қауымдастығына айналғанын айтқанын еске салды.
Он жыл ішінде бейбітшілік, даму, теңдік, әділдік, демократия, бостандық сияқты жалпы адамзаттық құндылықтар халықтың жүрегіне тереңірек сіңді, дейді Қытай президенті. Оның пікірінше, тұрақты бейбітшілік, жалпыға бірдей қауіпсіздік, ортақ гүлдену, ашықтық үстемдік ететін әлем құруға деген ортақ ниет барған сайын көп елді біріктіріп жатыр.
"Жаһандық мәселелерді шешпес бұрын, әр мемлекет өзінің ішкі істерін реттеу керек. Қытай Коммунистік партиясы Қытай халқын біріктіріп, жетекшілік ете отырып, Қытай модернизациясы арқылы қытай ұлтының ұлы өркендеуіне жан-жақты күш салып жатыр. Қытайдың бұл ерекше қасиеті көп жылдық тәжірибе мен халықаралық тәжірибені терең қорыту негізінде қалыптасқан. Қытайдың жаңару ісін табанды түрде ілгерілетеміз, жоғары сапалы дамуды жүзеге асыруға күш саламыз және сыртқы ашықтықты тұрақты түрде кеңейтеміз. Бұл әлемнің барлық еліне, соның ішінде Ресейге де жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдімін. Жыл көктемнен басталса, ал табыс істен басталады. Қытай мен Ресей даму мен жаңғыру жолындағы әріптестер ретінде адамзат өркениетінің алға басуына үлкен үлес қосады деуге толық негіз бар", - деп жазды өз мақаласында Си Цзиньпин.