АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Рига қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогі мәресіне жетті.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 18-19 наурызда өткен жарыс қорытындысында ел құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болып, жалпы медаль кестесінде көш бастады.
Айта кетерлігі, жарысқа 24 елден 200-ге жуық спортшы қатысты.