"ҚазТрансОйл" Бакуге 6 900 тонна мұнай жөнелтті

Sputnik
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. "ҚазТрансОйл" АҚ 6 900 тонна қазақстандық мұнайды Баку порты бағытына қарай экспортқа сәтті жөнелтті.
"Ақтау портында Қашаған кен орнынан шыққан 6 900 мың тонна мұнайды Баку порты бағытына қарай бірінші сынақ ретінде жөнелту жұмысы сәтті аяқталды. Мұнай жөнелтуші – INPEX North Caspian Sea, Ltd", - делінген компанияның хабарламасында.
Ақтау теңіз портында жүрген INPEX North Caspian Sea, Ltd өкілдері
INPEX North Caspian Sea, Ltd Қазақстандағы өкілдігінің директоры Хироши Икеданың айтуынша, сынақ жөнелтілімі Қашаған мұнайының Транскаспий бағыты бойынша теміржол көлігімен экспорттық бағыттарын әртараптандыру мүмкіндігін көрсетті.
"ҚазТрансОйл" Бакуге 6 900 тонна мұнай жөнелтті
Сондай-ақ INPEX North Caspian Sea, Ltd өкілі Қазақстан Республикасының үкіметімен және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-мен бірлесіп резервтік экспорттық бағыттарды дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыратынын айтты.