Қазақстанда қайырымдылыққа арналған үш ірі жоба жүзеге асады – ҚМБД

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 наурыз - Sputnik. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы биыл бірнеше қайырымдылық жобаларын жүзеге асырады.
"Биыл Алла қаласа дәстүрге сай Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанындағы зекет және қайырымдылық қоры Қасиетті рамазан айында бірнеше қайырымдылық жобаларын жүзеге асырады. Олар "Шарапатты Рамазан", "Рамазан қоржыны", "Рамазаннан тәбәрік" жобалары. Шамамыз жеткенше бәріміз белсенді атсалсайық", - деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұл брифингте.
Мүфтият Рамазан айында дүкендерде арақ-шарап сатуды тию керегін атап өтті.
"Күнәлі істен тыйылайық, арақ-шараптар сатылмасын. Құдайы астар ауызашар уақытында берілсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл қасиетті айды қадірлесек Алланың алдында бәріміз қадірлі боламыз", - дейді бас мүфти.