Жаркентте әжелер ансамблі сайлауда өз өнерін көрсетті

Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Жетісулық "Гүлдерайым" әжелер ансамблінің ұжымы өз учаскесінде дауыс беріп, сайлаушыларға арнап концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ансамбль 2013 жылы құрылған. Содан бері облыстағы бірде-бір шара оларсыз өтпеген
Өнер ұжымы Панфилов ауданының Көктал ауылында құрылған.
"Біз үшін бүгін мереке. Сайлауда әдейі ауыл тұрғындарының көңілін көтерейік деп өзіміздің әндерімізді ұсынып жатырмыз. Жаңа Қазақстаннан күтер үмітіміз көп", - дейді ансамбль жетекшісі Жамал апа.
Аталған ансамбль ұжымы – ауылдың ұйқтысы. Олардың репертуарларында қазақтың халық әндері көп. Олар әрбір мерекелік шарада көптің көңілін көтеріп, өнерін паш етіп жүр.
Панфилов ауданында әжелер ансамблінің әр мүшесі өз учаскесінде дауыс беріп, сайлаушыларға концерттік бағдарлама ұйымдастырды
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98%-і немесе 6 254 837 азамат бюллетень алды, соның ішінде Жетісу облысының көрсеткіші – 54,82%.