Азаматтардың 30,65 пайызы өз таңдауын жасады - ОСК

Бүгін елімізде мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша мәжіліс және мәслихаттар сайлауында дауыс берген қазақстандықтар санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 30,65%-і бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина.
Екі сағат бұрын республика бойынша дауыс берген сайлаушылар саны 14 пайызды құраған еді. Бүгін Қазақстан азаматтары мәжіліс пен мәслихаттардың жаңа депутаттарын сайлап жатыр.
Елімізде 12 миллионнан астам сайлаушы дауыс беруге құқылы. Дауыс беру Астана уақытымен кешкі сегізде аяқталады. Содан кейін бірден дауыстарды санау басталады.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 33,58%
2. Ақмола облысы бойынша – 33,63%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 33,18%
4. Алматы облысы бойынша –34,41%
5. Атырау облысы бойынша –30,66%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша –33,61%
7. Жамбыл облысы бойынша –35,82%
8. Жетісу облысы бойынша –33,15%
9. Қарағанды облысы бойынша –34,19%
10. Қостанай облысы бойынша –37,39%
11. Қызылорда облысы бойынша –32,78%
12. Маңғыстау облысы бойынша –32,43%
13. Павлодар облысы бойынша –34,26%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –32,81%
15. Түркістан облысы бойынша –38,29%
16. Ұлытау облысы бойынша- 34,61 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша –34,16%
18. Астана қаласы бойынша –23,35%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,25%
20. Шымкент қаласы бойынша –19,63%

Парламентке қанша депутат сайланады

Былтыр Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін енді парламент мәжілісі бұрынғыдай 107 депутаттан емес, 98 депутаттан құралады. 69 халық қалаулысы партиялық тізім бойынша сайланады.
Яғни сайлаушылар партияларға дауыс береді. Ал қалған 29 депутат бір мандатты округтер бойынша өтеді: қазақстандықтар нақты кандидаттарды таңдайды. Осы жолғы саяси додаға 7 партия қатысады.
Партиялық тізімдерге барлығы 281 кандидат енген: Amanat партиясы – 90; "Ауыл" партиясы – 25; Respublika партиясы – 23; Қазақстан халық партиясы – 52; "Байтақ" жасылдар партиясы – 18; "Ақ жол" партиясы – 54; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 19 кандидат.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын 281 кандидаттың 201-і – ер адам және 80-і – әйел. Кандидаттардың орташа жасы – 45,73 жас, олардың ішінде 19 адам 30 жасқа толмаған. Үміткерлердің ең үлкені – 1942 жылғы, ал ең жасы – 1997 жылы туған.