Қазақстандықтар 8 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр

Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сегіз мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының орынбасары Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 8272 сайлау учаскесі ашылды. Соның ішінде 12 шет елде 13 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды", - деді Петров Орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Сайлау учаскесі
Оның айтуынша, 92 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталған. Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 1887 сайлау учаскесінде дауыс беру Астана уақытымен сағат сегізде басталады.
сайлау учаскесі
Республика бойынша барлығы 10 223 сайлау учаскесі бар, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте орналасқан.