Қазақстанда сайлау күні 609 сәби дүниеге келді

Sputnik
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Жексенбі, 19 наурызда, яғни мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау күні елімізде 609 кішкентай сәби дүниеге келді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңа туған сәбилердің ішінде 312 ұл, 297 қыз, бір егіз бала бар.
Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, бүгін республиканың ауруханаларында емделіп жатқан науқастар үшін ауруханада дауыс беру үшін жағдай жасалды.