АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Корея Республикасы мен Жапониядағы Қазақтан азаматтары парламенті мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығын алғашқылардың бірі болып пайдаланды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігі.
Ол Қазақстан уақытымен таңғы сағат төртте дауыс берді.
Сеул қаласында сайлауда дауыс берген алғашқы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур болды.
"Мен бұл сайлау еліміз үшін экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп күтемін. Трансформация біздің мемлекетіміз үшін қажет, ол елдің дұрыс бағытта дамуына қуатты серпін береді деп сенемін. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде азаматтық борышымды орындап, өз үлесімді қосқым келеді! Елімізге нығайып, өркендепу тілеймін!" - деді ол.
Сондай-ақ, қазақстандық уақыт бойынша таңғы сағат бесте Бейжің, Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр қалаларында дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады.
Біздің уақытпен таңғы алтыда Джакарта, Бангкок пен Ханой қалаларында сайлау учаскелері ашылды.