Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.
Касым-Жомарт Токаев
Президент Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы парламенті пәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады. Бұдан бөлек, бюллетеньге "Бәрімін қарсымын" тармағы қосылған.Парламенттік сайлауда 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс беруге құқылы.