АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру басталғаннан бері өз таңдауын жасаған сайлаушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98%-і немесе 6 254 837 азамат бюллетень алды", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
Ең белсенді сайлаушылар – Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында.
Ең төмен көрсеткіш – Алматы қаласында, таңғы жетіден бері небәрі 19,14 пайызы ғана дауыс берді. Былтыр 20 қарашада өткен президент сайлауында дәл осы уақытта алматылық сайлаушылардың 26,19%-і учаскеге келіп, бюллетень алған еді.
Өңірлердегі жағдай:
1.
Абай облысы бойынша – 55,23%2.
Ақмола облысы бойынша – 58,96%3.
Ақтөбе облысы бойынша – 56,32%4.
Алматы облысы бойынша – 59,45%5.
Атырау облысы бойынша – 48,15%6.
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 58,61%7.
Жамбыл облысы бойынша – 64,78%8.
Жетісу облысы бойынша – 54,82%9.
Қарағанды облысы бойынша – 58,21%10.
Қостанай облысы бойынша – 64,81%11.
Қызылорда облысы бойынша – 64,95%12.
Маңғыстау облысы бойынша – 53,84%13.
Павлодар облысы бойынша – 58,43%14.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,66%15.
Түркістан облысы бойынша – 49,14%16.
Ұлытау облысы бойынша – 58,26%17.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63,09%18.
Астана қаласы бойынша – 38,57%19.
Алматы қаласы бойынша – 19,14%20.
Шымкент қаласы бойынша – 42,31%.