Франция бақылаушылары: Алматыдағы сайлау ашық өтіп жатыр

Sputnik
АЛМАТЫ, 19 наурыз – Sputnik. Франция сенатының депутаты, "Франция – Орталық Азия" достық тобының төрағасы Эрве Морэ Қазақстандағы сайлау процесі ашық және барлық демократиялық принципке сәйкес өтіп жатқанын айтты, деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы.
Бақылаушылар таңертең 4 сайлау учаскесінде болып үлгерді, олар қандай да бір заң бұзушылық болмағанын атап өтті.
"Жалпы, таңертең әртүрлі сайлау учаскелерінде барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Яғни, тізімге тіркелген сайлаушыларға сайлау бюллетені беріледі, ол мөрленген жәшікке тасталады", - дейді халықаралық сарапшы.
Бұл пікірге Франция Республикасы сенатының депутаты, "Франция – Орталық Азия" достық тобының мүшесі Арно де Бельнэ де қосылды.
"Дауыс берушілердің жүздері күлімдеп, ашық-жарқын жүр, қосымша айта кететін болсам, Францияда шетелдік бақылаушыларға мұндай ашықтық пен жанашырлық жоқ. Физикалық құрылымы жағынан бәрі ұқсас, мен өзім үшін әртүрлі партияларды таныстыратын бақылаушылардың тұрақты түрде болғанын байқадым, бұл – ашықтық көрсеткіші. Әрбір партия бұл процесті мүмкіндігінше бақылайды", - деп толықтырды ол.
Сарапшылар Алматыда әлі де бірнеше сайлау учаскелеріне баруды жоспарлап отыр.
Мәжіліс сайлауы: дауыс бергендер саны 51 пайыздан асты