АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Ұлыбритания экономикасын әртараптандыру және көмірсутектерін әлемдік нарыққа тасымалдау үшін Қазақстанмен ынтымақтасады, деп мәлімдеді британдық СІМ басшысы Джеймс Клеверли.
"Біз "Орта дәліз " жобасын (Транскаспий халықаралық көлік бағыты – Sputnik) қолдау үшін қазақстандық өнімдерді, оның ішінде мұнай мен газды экспорттаудың балама жолдарын табу жайын талқыладық. Қазақстандық экономикалық базаны қорғау және әртараптандыру үшін Қазақстанмен жұмыс істейміз. Бұл біздің мүддемізге сай, Қазақстанда британдық тәжірибе мен инвестициялардың көмегі арқылы халықаралық әріптестермен жұмыс істеуге мүмкіндіктер болады", - деді Клеверли БАҚ-тың еуропалық нарыққа қазақстандық мұнайды жеткізудің баламалы бағыттарын дамыту туралы сұрағына жауап бере отырып.
Клеверли Астанаға Грузиядан Қазақстан мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында келді.
СІМ басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, премьер-министр Әлихан Смайыловпен және қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшылығымен кездесуды жоспарлап отыр.
Қазақстан СІМ дерегі бойынша, елдер арасындағы екіжақты тауар айналымы 2022 жылы 1,8 млрд доллар болған. Қазіргі уақытта Қазақстанда отандық экономиканың барлық дерлік секторын қамтитын британдық капиталдың қатысуымен 550-ге жуық компания, бірлескен кәсіпорындар мен өкілдіктер тіркелген.