АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясымен бірлесіп республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті арттыру және кері байланысты жақсарту мақсатында Sapar мобильді қосымшасын әзірледі, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қосымшаны PlayMarket және AppStore-да жүктеп алуға және пайдалануға болады.
"Мобильді қосымшада навигациясы бар маршрутты салу функционалы қолжетімді, автожолдардың жай-күйі, трассалардың ашылуы немесе жабылуы, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары, метеожағдайлар туралы өзекті ақпарат бар", - деп мәлімдеді ведомство.
Қосымша арқылы республикалық жолдардың бойында орналасқан жол бойындағы сервис объектілері туралы мәлімет алуға болады. Бұл қосымша арқылы ақылы жолдың жол жүру теңгерімін толықтыра аласыз.
ҚазАвтоЖолдың колл-орталығын жылдам теру функциялары, сондай-ақ байланыс орталығына жол апаты, жолдардың авариялық учаскесі, қозғалыс кезіндегі кедергі туралы мәтін, фото және видео түрінде хабарлай аласыз.