АЛМАТЫ, 18 наурыз – Sputnik. Атырауда Ресейден автокөлік контрабандасымен айналысқан деструктивті діни ағым өкілі ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
"Тұрғылықты мекенжайын тінту барысында бұл азаматтан жалған автокөлік мемлекеттік белгілері, автокөлікті сатып алу-сату келісім шарттары, сенімхаттар алынды. Сондай-ақ Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктің төлқұжаты, азаматтық тұлғалардың жеке куәліктері, тауарға арналған декларация, Iphone 13 ұялы телефоны және түбіртектер тәркіленді", - деп мәлімдеді ведомство.
"Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бабымен тергеу басталды.