АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Қарағанды облысында ауыл тұрғыны зейнеткердің ақшасын ұрлап алды, деп хабарлады Polisia.kz.
Қарқаралы аудандық полициясына 63 жастағы зейнеткер шағым түсірген. Айтуынша, телефонын жоғалтып тапқан. Бірақ бірнеше ай жинақтаған 660 мың теңге зейнетақысын белгісіз біреу үптеп кеткен.
Жедел іздестіру кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы күдікті ер адамды ұстады. Тексере келгенде зейнеткердің гаджетті жоғалтпағаны белгілі болды. Күдікті ұялы телефонды ұрлап алып, банк қосымшасы арқылы зейнеткердің шотындағы барлық ақшаны сыпырып алған.
Қазіргі күні "Ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.