Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандық әйел Астанада ұсталды

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Елордалық полицейлер ТМД елдерімен бірлесіп, 15-16 наурыз аралығында кең ауқымды "Іздестіру" операциясын жүргізді, деп хабарлады Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша бірқатар арнайы операция жүргізді.
"Операцияның бірінші күні елорда аумағында сегіз қылмыскер ұсталды. Ал із-түзсіз жоғалып кеттіге саналған үш азаматтың тұратын жері анықталды. Сондай-ақ алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы табылды. Ол Самарқан қаласында ер адамды жұмысқа орналастырамын деп 1,4 миллион сум алып кеткен", - дейді ведомство.
Сонымен қатар мемлекетаралық іздеуде жүрген 23 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы анықталды. Ол 21 жастағы қызды үйіне алып кетіп, туыстарынан ақша бопсалаған. Қазіргі уақытта екі кінәлі де Астана қаласы полиция департаментінде отыр, оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Іздеуде жүрген қылмыскерлер Алматыда ұсталды