Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - видео

Sputnik
АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.
Күдіктілер қорқыту арқылы бірнеше рет кәсіпкерден 2 млн теңге сомасында ақша қаражатын бопсалағаны анықталды.
Тексеру кезінде олардың біреуінен 900 мың теңге тәркіленді.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілердің үшеуі ұсталып, қамауға алынды.