Алматыда бір уақытта 600 оқушы күй тартты

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 наурыз – Sputnik. Алматыда қаласы Түрксіб ауданының Сауранбаев көшесінде бір уақытта 600 домбырашы күй тартты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Күй күмбірі" республикалық челленджі Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. Челленджге 600 оқушы, 70 педагог және 20 ата-ана қатысты.
Оркестрге дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Үкібай Дүйсен жетекшілік жасады. Домбырашылар Құрманғазының "Балбырауын", "Адай", "Сарыарқа" күйлерін орындады.
Домбыра-challenge мақсаты – жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, ойындарды ұлттық аспапта насихаттау, дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.