ТАЛДЫҚОРҒАН, 17 наурыз – Sputnik. Алматы облысында оқушы қыз бала туды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдың 18 қарашасында Іле аудандық полициясына кәмелетке толмаған баланың анасынан қызын зорлаған ер адамға заңды шара қабылдау туралы арыз түскен.
Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама жасалды.
"Тараптардың дәлелдерін тексеріп, істі дұрыс шешу мақсатында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Мән-жайды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне мән беріледі", - деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.
Сот молекулалық-генетикалық сараптамаға сәйкес 53 жастағы күдікті 99% баланың әкесі болып шықты. Қазір ол қамауға алынды.