Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде үш құжатқа қол қойылды

Sputnik
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ақорда.
Мынадай құжаттар:
1. Түркі мемлекеттері ұйымы кезектен тыс саммитінің Анкара декларациясы;
2. Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау механизмін құру туралы шешім;
3. Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім.
Бүгін Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммиті өткенін еске саламыз.