Қытайдан Қазақстанға жүк өткізу 40% - ке өсті

Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Қытайдан Қазақстанға жүктерді өткізу 40% - ке өсті, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.
Белгілі болғандай, бүгінде Қазақстандағы тасымалдаушылар мен жүргізушілердің көпшілігінде ҚХР-ға кіру үшін визалар жоқ.
Ведомство мәліметінше, мұны шекара маңындағы ауданда жүргізушілердің белгілі бір тобы пайдаланады, оларда визалары бар және қызметтері үшін жоғары ақы сұрайды.
Бұл мәселені шешу үшін Қазақстанның мемлекеттік органдары Қытай тарапымен тасымалдаушыларға берілетін визалар санын көбейту мәселесін пысықтауда.
"Тағы бір аспект - тасымалдаушылардың жартысынан көбінде шетел рұқсат бланкілерін алу үшін қажет халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат карточкалары жоқ (кезекте тіркелген 21023 АТС-тың 10868-і). 14 наурызда мемлекеттік органдар Қытайға шығу үшін 500 автофура жариялады, бірақ іс жүзінде тек 183-і ғана кетті. Қалған машиналар өткізу пунктінің алдында тұрды және рұқсат құжаттарын алуды күтіп, кірмеді", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп кезекті сақтау үшін тасымалдаушыларға халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат құжатын ресімдеу қажет екенін хабарлайды. Мұндай құжатсыз автокөлікті кезектен шығару жоспарлануда.
Қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есеп орталығы" АҚ "qoldau.kz" платформада Сargoruqsat электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша кезекті жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда жүйеде 12 мыңнан астам пайдаланушы тіркелді, брондау бойынша 44 мың операция жүргізілді.
"Ол басқа мемлекеттік органдардың жүйелерімен 15 интеграцияға ие, шекара арқылы өту процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Кезекті "толтыру" және басқа да әртүрлі манипуляциялардың көптеген фактілері жойылды. Туындаған проблемалық мәселелерді жедел қарау үшін "cargoruqsat" телеграмм-арнасы бар", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Өткізу қабілетін арттыру, шекарадағы проблемалық мәселелерді реттеу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік органдар мен "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдерінің арасынан мониторингтік топ құрылды. Шекарадан өтудің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс жалғастырылады.