Атырау облысында 6 жасар бала канал суына батып кетті

Sputnik
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Атырау облысында 6 жасар бала канал суына батып кетті, деп хабарлайды Ақжайық.
14 наурыз күні Құрманғазы ауданы Бірлік ауылында ағайынды 6 және 9 жасар екі бала су толы Щучий каналы бойында ойнап жүріп, байқаусызда кішісі құлап кетеді.
Үлкені оны құтқармақ болғанымен, ол да бата бастайды.
С. Имашев атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары көмекке келіп, оларды шығарып алды. Алайда, өкінішке орай 6 жастағы баладан тіршілік нышаны сезілмейді. Ол оқиға орнында қайтыс болады. Ал ағасы аудандық ауруханаға жеткізілген.
Бүгінде аудан дәрігерлері оның жағдайы бірқалыпты, жақсы екенін айтады.
Аталған оқиғаға байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.