АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Шымкентте тұрғын үйдің іргетасты мен үш қабатты бөлігінің беріктігі мен сейсмикалық тұрақтылығы сыналды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, құрылыс компаниясының тапсырысы бойынша Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары Шымкенттің Қаратау ауданындағы тұрғын үйдің бөлігіне вибродинамикалық және статикалық сынақтар жүргізіп жатыр.
"Сынақтан өткен ғимараттың жобалық сызбасы элементтері көлденең жабын дискілерімен бірге жұмыс істеу үшін біріктірілген қаңқалы-бекіту жүйесі түрінде қабылданды", - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.
Сынақтар В3 типті вибродинамикалық машинамен бірнеше кезеңде жүргізіледі. Алынған мәліметтер өңделеді және талданады.
Сынақтар аяқталғаннан кейін мамандар сараптама қорытындысын дайындап, тапсырыс берушіге жолдайды.